Науаи облысын одан әрі дамыту болашақтары талқыланды

    Ел назарында 7 Aprel 2022 2165

    Науаи қаласында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков Науаи облысын кешенді дамыту мәселелері арналған жиналыс өткізді.

    Жиналысқа министрліктер, кеңселер, салалық бірлестіктер мен жергілікті билік органдарының басшылары қатысты.

    Айта кетейік, жоғарыда аталған құрылымдар өкілдерінен құралған жұмысшы топ бір апта бұрын облыста жұмыс бастаған болатын. Топтың міндеттеріне экономикалық өсудің, кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласының, инвестициялық және экспорттық қызметтің дамуы, инфрақұрылымның, ауыл және су шаруашылығының, әлеуметтік саланы жетілдірудің бүгінгі жағдайын терең талдау жасау мәселелері енгізілген.

    Жиналыс барысында министрліктердің, кеңселердің және салалық бірлестіктердің басшылары атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы есеп беріп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы іс-шаралары бойынша ұсыныстарын айтты. Оларды тармақтар мен бағыттар кесімінде белгілі аудандарда (қалаларда) жүзеге асырылуы көзделген.

    Облыста инвестициялар, өнеркәсіп өндірісі мен экспорт көлемінің өсуін ынталандыру мақсатында пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мен ресурстарды анықтап, оларды толық пайдалануға баса назар аудару тапсырылды.

    Сондай-ақ аумақта жоғары қосымша құнға ие бәсекеге қабілетті өнім өндіруге бағытталған толық циклді жоғары технологиялық өндірістік нысандар санын көбейту, оған байланысты салаларды дамыту, заманалық технологияларды енгізуді ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу қажет екендігі айтылды.

    Сондай-ақ, кәсіпкерлермен және экспорттаушылармен мекендік жұмыс істеу механизмін жетілдіру, келіп түскен өтініштерге жедел жауап беру және көтерілген мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді.

    Жиналыс соңында жауапты тұлғаларға облыс көлемінде жүзеге асырылуы қажет болған кезектегі істер аясында нақты міндеттер белгіленіп алынды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates