Аудандар мен қалалардан келген 7 жанұялық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 62 балаға, махалладағы шын шетім және ата-анасының қамқорлығынан мақұрм болған 128 бала және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының 33 перзентіне Өзбекстан Республикасының Президенті тарапынан жаңа жылдық сыйлық табыс етілді.
Бүлдіршіндерге Ақшақар, Аяз ата, ақшақар, айдаһар мен келер жылдың иесі жолбарыстың қойылымдары кішкентай бүлдіршіндерді тәнті етті. Мәдениет үйінің көркем ұжымының да елең еткізетін әндері мен билері балаларды сахна төріне алып шықты.
Жиналғандарды облыс әкімі Нормат Тұрсынов құттықтап, Президент сыйлықтарын табыс етті. Балалары бақытты ел қашанда берекелі ел болады. Мерекелік шаралар жалғасын табады, деп хабарлайды Науаи облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.