Елшінің сенім грамоталарын қабылдап, Министр оны жауапты лауазымға тағайындалғанымен құттықтады. Елшінің кәсіби тәжірибесі өзара мүдделі салаларда Өзбекстан және Нидерланды байланыстарын одан әрі  нығайтуға қызмет етуіне үміт білдірді.

Сұхбат кезінде саяси диалог, сонымен бірге  «Өзбекстан – Еуропа Одағы» формасындағы ынтымақтастық аясында байланыстарды нығайту және парламентаралық, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық қатынастарды кеңейтуден екі жақ та бірдей мүдделі екені айтылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.