Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі – жоғары білім және ғылым саласы болып табылады. Жаңа университеттер ашылып, білім беру жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, оқыту процесінің сапасы да жақсарып келеді.
Өткен жылы бакалавриат бағыттары жаңартылып, 1200-ден астам білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкес қайта өңделді. Атап айтқанда, түлектерге қойылатын біліктілік талаптары толық жаңартылып, жаңартылатын энергия көздері, экологиялық инженерия, биотехникалық жүйелер сияқты заманауи бағыттар ашылды.
Сонымен қатар, 2025 жылға тағы да бірнеше маңызды міндеттер қойылған. Мысалы, биыл тағы мыңнан астам білім беру бағдарламалары «ТОП-300» университеттерінің бағдарламалары негізінде жетілдіріледі. 45 білім беру бағдарламасы халықаралық аккредитациядан өтеді. Жоғары оқу орындарында студенттерге арналған тіркеуші кеңселер толық қамтылады. Дуалды білім беру жүйесіне тағы 50 мың студент тартылады.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін білім беру сапасын жақсарту, ғылыми әлеуетті 55 пайызға арттыру, сондай-ақ шетелде 5 мың педагогтың біліктілігін арттыру жоспарланырп отыр. Озық инженерлік мектептерді 25-ке дейін көбейту, өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірлескен жобалардың құнын 10 есе арттыру да маңызды міндеттер қатарына жатады.
Тұсаукесерде басшылар осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыстар туралы мәлімет берді.
Жоғары білім жүйесіне қабылдау барысында «алдымен тест, содан кейін іріктеу» қағидасы енгізілгені белгілі. Мемлекеттік гранттар студенттердің қабілетіне байланысты бөлінетін болды. Сонымен қатар, қаржылық тәуелсіздік берілген 40 жоғары оқу орнында Тіркеуші кеңселер ашылды. Нәтижесінде деканат пен бөлімдерде штат саны 20 пайызға қысқарып, 30-дан астам қызмет түрі сандық жүйеге көшірілді.
Осы тәжірибеге сүйене отырып, жоғары оқу орындарында осындай кеңселерді ашу және білім мен ғылым саласын қамтитын біртұтас цифрлық жүйені енгізу туралы нақты нұсқаулар берілді.
Практика мен теорияның үйлесімділігін арттыру мақсатында дуалды білім беру жүйесін енгізу процесі басталды. Қазіргі уақытта 15 мың студент 957 кәсіпорынмен бірлесе отырып білім алуда. Алайда, кәсіпорындардың бұл жүйеге қызығушылығы әлі де болса аз. Осыған байланысты, дуалды білім беру жүйесіне қатысатын кәсіпорындарды ынталандыру шараларын күшейту қажеттілігі жөнінде ұсыныстар айтылды.
2024 жылдың 20 маусымында өткен видеоселектор жиналысында Мемлекет басшысы әрбір аймақта техникалық жоғары оқу орындары мен инновациялық инженерлік мектептерді құруды тапсырды. Бүгінде Термез, Әндіжан және Қаршы қалаларында техникалық университеттердің қызметі сәтті жолға қойылып, 8 инженерлік мектеп ашылды.
Жиналыс барысында Нөкіс, Бұхара, Фарғана және Наманган қалаларында техникалық университеттерді құру жобалары таныстырылды. Осы жобалар аясында жаңа білім бағыттары ашылып, шетелдік бағдарламалар енгізілетін болады. Сонымен қатар, студенттердің ғылыми-инновациялық процестерге қатысу мүмкіндіктері кеңейіп, жоғары оқу орындарына өнеркәсіптік серіктестер тартылатын болады.
Жалпы, бұл бағыттағы 35 оқу орнын біріктіру арқылы 22 техникалық университет құрылатын болады, ал биылғы жылдың соңына дейін тағы 17 инженерлік мектеп ашылады.
Соңғы жылдарда жоғары оқу орындарында ғылыми әлеует 41 пайыздан 45 пайызға дейін артты. Дегенмен, ғылыми зерттеулердің басым бөлігі қазіргі заманғы өнеркәсіп және өндірістік үрдістерді қамтымай отыр.
Осыған байланысты, докторантура квоталарын бөлуде экономикадағы жетекші салаларға ерекше көңіл бөлу, сондай-ақ ғылыми дәрежелер мен атақ алу тәртібін жетілдіру қажеттігі туралы нұсқаулар берілді. Педаагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруды жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды.
Жастар тәрбиесінде әдеп пен спорттың маңызы ерекше. Осы бағытта «Бес бастама», «Мәдениет бөлісіп», «Студенттер спорт лигасы», «Заковат» сияқты жобалар жүзеге асырылуда. Мұндай рухани-мәдени, спорттық және интеллектуалдық шаралар арқылы студенттерді толық қамту, сондай-ақ жастар арасында отансүйгіштік рухын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстары бойынша ақпарат берілді.