Азия даму банкі аграр саласын дамытуда сенімді серіктес

    Инвестициялар 12 Aprel 2023 2173

    Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Азиз Воитов Азия даму банкінің Орталық және Батыс Азия департаменті, Қоршаған орта, табиғи ресурстар мен ауыл шаруашылығы бөлімінің директоры Ясмин Сиддиқимен кездесу өткізді.

    Кездесуде Өзбекстанның ауыл шаруашылығы жүйесінде министрлік тарапынан саланы жаңғырту, фермерлерге қызмет көрсетудің жаңа жүйесін жолға қою, бүкіл азық-түлік тізбегіне қатысушылардың мүмкіндіктерін арттыру және өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде мал шаруашылығы, жібек шаруашылығы, балық шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және ветеринария сияқты салаларда Ауыл шаруашылығы министрлігі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін мемлекеттік ұйымға айналдырылғаны айтылды.

    Сұхбат барысында Азия даму банкі Өзбекстанның ауыл шаруашылығы секторының көп жылдық және сенімді серіктесі ретінде атап өтіліп, бүгінде Азия даму банкі министрлікпен жүзеге асырған 3 жобаның жалпы құны 347 миллион долларды құрайтыны және осы жоба аясында оң нәтижелерге қол жеткізілгені тілге тиек етілді.

    Келіссөздерде, сондай-ақ алдағы уақытта министрлік пен Азия даму банкі ынтымақтастықта жалпы құны 130 миллион долларды құрайтын 2 жаңа жобалық құжаты әзірленіп жатқаны айтылды.

    Кездесу соңында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азия даму банкі арасында ауыл шаруашылығындағы қосылған құн тізбегін одан әрі дамыту және азық-түлік жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізу мақсатында ынтымақтастықты нығайту келісілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates