Өзбек палауы Швецияда өткен фестивальде «Ең жақсы ұлттық тағам» бойынша бірінші орынды алды

    Стокголм дипломатиялық қауымдастығының ұйымдастыруымен Швецияның астанасында «Food and Beer» тақырыбында ұлттық тағамдар мен сусындар фестивалі өткізілді.

    Шараға Армения, Австрия, Бельгия, Босния және Герцеговина, Чехия, Эстония, Грузия, Греция, Венгрия, Исландия, Жапония, Кения, Латвия, Мексика, Словакия, Ұлыбритания, Өзбекстан және Австралияның дипломатиялық өкілеттіктері қатысты.

    Биылғы жәрмеңкеге ең көп қатысушылар қатысты. Бұрын қатысушылар негізінен Еуропа елдерінен болса, жылдан-жылға қатысушылардың тізімі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің есебінен кеңейіп келеді. 2024 жылы бұл шараға көптеген елдер ерекше дайындықпен қатысып, барлық стендтерде қатысушы елдердің ұлттық тағамдарының ең жақсы үлгілерін ұсынды.

    Онда Өзбекстанның бай мәдени мұрасы мен гастрономиялық туризімі кеңінен насихатталды. Фестиваль ұйымдастырушылары мен қатысушылары өзбек ұлттық тағамдарын жоғары бағалады.

    Жәрмеңке қорытындысы бойынша Өзбекстанның Швециядағы елшілігі ұсынған өзбек палауы жасырын дауыс беру нәтжесіне орай, «Ең жақсы ұлттық тағам» бағыты бойынша бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates