Жарлықты қабылдаудың негізгі мақсаттары ретінде, атап айтқанда, мыналар белгіленді:
– «Өзбекстан – 2030» стратегиясы аясында қол жеткізілген жетістіктер мен бар проблемаларды ескере отырып, тиімділік көрсеткіштерін белгілеу;
– «Өзбекстан – 2030» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуді мониторингтеу үдерістерін толық цифрландыру.
Цифрлық платформада «Өзбекстан – 2030» стратегиясы мақсаттарының тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу деңгейі мынадай санаттарға бөлінеді:
– «жасыл» — белгіленген тиімділік көрсеткішіне уақытында және толық қол жеткізілген;
– «сары» — белгіленген тиімділік көрсеткішіне қол жеткізуде кідірістер болып, алайда оларды жою мүмкіндігі бар;
– «қызыл» — тиімділік көрсеткішіне қол жеткізуде елеулі кідірістер бар немесе оған мүлдем қол жеткізілмеген.
Бұл ретте:
– «жасыл» санатына енгізілген тиімділік көрсеткіштеріне жауапты мекемелер ынталандырылады;
– «сары» санатына енгізілген тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізудегі бар кідірістердің себептері талданып, оларды жою мақсатында Министрлер Кабинеті тарапынан тиісті мекемелерге қажетті шараларды қабылдау жөнінде нұсқаулар беріледі;
– «қызыл» санатына енгізілген тиімділік көрсеткіштеріне жауапты мекемелердің қызметі Министрлер Кабинеті Президиумында сыни тұрғыда қаралады.