Мемлекет басшысы экономикалық көрсеткіштер мен алдағы болжамдар талқыланған кеңеске қатысты

    Билік 19 Oktabr 2023 4383

    Президент Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен биылғы жылдың 9 айында қол жеткізілген экономикалық нәтижелер, жыл соңына дейін ықтимал көрсеткіштер мен 2024 жылға арналған макроэкономикалық болжамдар талқыланды.

    Биылғы жылдың 9 айында республика экономикасы 5,8 пайызға өсті. Атап айтқанда, өнеркәсіп 5,7 пайызға, ауыл шаруашылығы 4,1 пайызға, қызмет көрсету 12,1 пайызға өсті.

    Әлемдік нарықтар мен логистикадағы қиындықтарға қарамастан, экспорт 23,5 пайызға өсіп, 17,7 миллиард долларға жетті.

    Экономика салаларында және аймақтарда ауқымды индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен 226,6 триллион сум инвестиция игерілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға жоғары.

    Жиында биылғы жылдың соңына дейін күтілетін көрсеткіштер сараланды.

    Мемлекет басшысы әлемдегі күрделі жағдай экономикаға кері әсерін тигізіп отырғанын және белгісіз күйде қалып отырғанын, сондықтан тұрақты экономикалық өсуді жалғастыру үшін ішкі мүмкіндіктерді көбірек пайдалану қажеттігін баса айтты.

    Сол себепті қосылған құн салығы 2023 жылдан бастап 15 пайыздан 12 пайызға дейін төмендетілді. Осының есесінен 7 триллион сом қосымша қаражат кәсіпкерлердің иелігінде қалды.

    Сондай-ақ облыстардың инфрақұрылымын жақсартуға 35 триллион сум, халықты әлеуметтік қолдауға 19 триллион сум бөлінді.

    Соның нәтижесінде биыл әлемдік экономика 3 пайызға өседі деп болжанса, ұлттық экономикамыз кем дегенде 5,6 пайызға өседі деп күтілуде.

    Жиында 2024 жылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу шаралары жан-жақты талқыланды.

    Осы жылдың қыркүйегінде қабылданған «Өзбекстан-2030» стратегиясында экономиканы тұрақты дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында көптеген мақсаттар мен міндеттер айқындалғаны белгілі. Үкіметке осы стратегиядағы міндеттерді орындау тұрғысынан 2024 жылға арналған экономикалық бағдарламаны мұқият әзірлеу тапсырылды.

    Жалпы ішкі өнімнің қазіргі өсу қарқынын келесі жылы да жалғастыру үшін барлық мүмкіндіктер мен резервтер бар екені көрсетілді.

    Атап айтқанда, 2024 жылы жалпы құны 13 миллиард долларды құрайтын 300-ден астам жобаны іске қосу, энергиямен жабдықтауды тұрақтандыру, желінің тиімділігін арттыру есебінен салада 6 пайызға өсу мүмкіндігі бар.

    Қызмет көрсету саласының 15 пайыздық өсімін қамтамасыз ету үшін көлік, логистика, агросервис, сақтандыру, лизинг сияқты салалардағы пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктерді толық пайдалану қажет екені айтылды.

    Мемлекет басшысы көлік, су шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық сияқты салаларда басталған реформаларды жандандырып, халық пен бизнесті қолдауға баса назар аудару қажеттігін айтты.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates