Конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Ұлыбритания, Германия және Катар үкіметтерімен бірлесіп БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық қызметін қаржыландыру үшін  донорлық қаражатты жұмсау және осы елдегі гуманитарлық дағдарысқа халықаралық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш пен ұйымдастырушы  мемлекеттердің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары сөз сөйледі. Жалпы мәжіліс аясында Ауғанстандағы қазіргі гуманитарлық жағдай, соның ішінде әйелдер мен балалардың жағдайы ерекше екіпн беріліп талқыланды.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норов  өз сөзінде, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және мемлекеттік уақытша үкіметпен ынтымақтастықты орнату бойынша Өзбекстанның ұстанымы мен көзқарасын  тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы тарапынан  ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша  жүзеге асырылған нақты іс- шаралары туралы мәлімет берді.  Ауғанстанға көмек көрсету бойынша халықаралық іс-әрекеттерді жұмылдыру мен үйлестіруге БҰҰ-ның белсене қатысуы керектігі атап өтілді.