Өзбекстан балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін жаһандық альянсқа қосылды

    Өзбекстан балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі жаһандық альянсқа қосылған 46-шы ел болды.

    Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Өзбекстандағы өкілдігі хабарлады.

    Бұл қадам елімізде қол жеткізілген маңызды нәтижелерге, соның ішінде биылғы май айында қабылданған «Балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғау туралы» Заңға және әрбір баланы тиімді қорғауға бағытталған салааралық стратегия мен іс-әрекеттер жоспарына негізделгені баса айтылды.

    "Бұл балаларды қорғауға бағытталған маңызды қадам. Бұл міндеттеме еліміздің елеулі жетістіктеріне негізделген. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың май айында "Балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғау туралы" заң қабылданды. Қазіргі уақытта әрбір баланы іс жүзінде қорғауға бағытталған салааралық стратегия мен іс-әрекеттер жоспары әзірленуде.

    "ЮНИСЕФ Өзбекстан үкіметімен бірге бұл іс-әрекеттерді қолдап-қуаттайтынын мақтан тұтады. Біз әрбір баланың үйде, мектепте және қоғамда қауіпсіз және қолдау көрсететін ортада өсуі үшін жұмыс істейтін боламыз", - делінген хабарда.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates