Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Венгрия және Түркіменстанның сыртқы істер министрлері алдағы ТТМЫК саммитінің ұйымдастырушылық мәселелері мен күн тәртібін талқылады, Мемлекет басшылары кеңесіне ұсынылған құжаттардың жобаларын қарады және келісіп алды.
Тараптар ТТМЫК-ны одан әрі дамыту, түркі тілдес елдердің сауда-экономикалық, туризм, мәдени-гуманитарлық, ғылым, білім және басқа да салалардағы көпжақты ынтымақтастығын кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.