Өзбекстан делегациясы Халықаралық атом энергиясы агенттігі (ХАЭА) бас конференциясында

    Энергия 27 Sentabr 2022 2306

    Үстіміздегі жылғы 26 сентябрде Венада ХАЭА жылдық Бас конференциясының 66-сессиясы жұмыс бастады.

    Бұл шараға 175 ХАЭА қатысушы-мемлекет қатарында Өзбекстан Республикасы да қатысуда.

    Өзбекстан Республикасы делегациясы «Ўзатом» агенттігі, Ғылым академиясы және Өнеркәсіп қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінен құралған.

    Бас конференция агенттіктің негізгі басшылық органы саналады. Конференция соңында ХАЭА қызметінің ең негізгі мәселелері бойынша тиісті қаулылар қабылданады. Бас конференция аясында жалпы келіссөздер өткізіледі және оған делегация басшылары өздерінің бағдарламалық шығуларымен қатысады.

    Бас конференциямен қатар ХАЭА тұрақты түрде ядро технологиялары және пәнге байланысты болған ғылыми форумдар өткізеді.

    Булардың барлығы - Вена халықаралық орталығында (ВХО)бас конференциямен бір мезгілде өтеді.

    ХАЭА бас конференциясының 66-сессиясында Өзбекстан делегациясы ХАЭА басшылары, басқа елдердің өкілдері және атом энергиясын тыныштық жолында пайдалану саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселесіне жауапты болған компаниялармен келіссөздер өткізу жоспарланған, деп хабарлайды «Ўзатом» Агенттігінің мәліметі негізінде Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates