Өзбекстан ИЫҰ-да туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуда бірқатар өзекті бастамаларды алға тартты

    Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердің туризм министрлерінің 12-сессиясының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті, онда Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиев пен ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ахмед Кавеса Сенгендо журналистердің сұрақтарына жауап берді.

    Атап өткендей, төрағалық Әзербайжаннан Өзбекстанға өтті және елімізде ИЫҰ-да туризм саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару үшін барлық шаралар қабылданатын болады.

    Сессия қорытындысы бойынша Ислам әлемінің туризм қалалары ретінде 2025 жылы Дакар (Сенегал), 2026 жылы Каир (Мысыр) және 2027 жылы Лахор (Пәкістан) таңдап алынды.

    «Конференцияда ИЫҰ туризм қалаларын таңдау өлшемдерін жетілдіру, мүмкіндігінше шағын және болашағы зор қалаларды таңдау арқылы олардың туристік әлеуетін арттыруға келісілді. Ұйым аумағында исламдық туризімін дамытудың стратегиялық «жол картасын» іске асыру, виза рәсімдерін жеңілдету, инвестиция тартуды ынталандыру, ислам туризмі орындарының насихаты арқылы өзара туристік ағынды арттыру, кадрларды даярлау және стандарттаудың негізгі бағыттары ретінде белгіленді. Туризм саласын диверсификациялау мақсатында біз зиярат туризмін, экотуризмді және медициналық туризмді дамытуға келістік», — деді Азиз Абдухакимов.

    Сессияда халал туризм қызметтерінің стандарттарын енгізуге баса назар аударылып жатқаны айтылды.

    Туризм министрлері Ислам конференциясының 13-сессиясын Катар Мемлекетінде ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Конференция аясында «Ислам әлемінің қасиетті жерлері» атты бейнелеу өнерінің көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар, Министрлер конференциясы аясында Хиуа қаласының «Ичан-қалъа» мемлекеттік мұражай-қорығында «Пахлаван Махмуд – Балуандар ойыны» халықаралық турнирі өткізілуде. Оған 15 мемлекеттен жетекші спортшы-балуандар 10 спорт түрі бойынша бақ сынауда, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.