Сапар аясында «Өзбекстан-Польша» парламентаралық достық топтарының кезектегі жиналысы өтті, сондай-ақ Польша Сенаты төрағасының орынбасары Б. Борусевич, Сейм вице-спикері Р. Терлиск және Мазовия облысының маршалы (басшысы) А. Струзикпен кездесулер өткізілді.
Сұхбат барысында Өзбекстан-Польша қарым-қатынастарының жағдайы мен оны дамыту болашақтары, атап айтқанда, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту, оны жаңа мазмұнмен байыту, заң шығармашылығы мен парламенттік бақылау саласында өзара тәжірибе алмасуды жандандыру мәселелері талқыланды.
Кездесу кезінде екіжақты парламентаралық диалогтың дәйекті түрде дамып келе жатқаны ризашылықпен атап өтілді. Екі елдің заң шығарушы органдары өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты белсендіруге өзара қызығушылықты танытты.
Сондай-ақ тараптар аумақаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін де қарастырды. Экономиканың тоқымашылық және тігін-трикотаж өнеркәсібі, аграр және энергетикалық секторларындағы жобалары үстем бағыттар ретінде белгіленді.
Екі ел арасындағы экономикалық байланысты жандандыру мақсатында польша парламентінің мүшелері Польша-Өзбекстан экономикалық форумын өткізуді ұсынды.
Еңбек миграциясы саласындағы ынтымақтастықтың екіжақты негіздерін қалыптастыру туралы жан-жақты пікір алмасылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.