Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының отырысына қатысты

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 6 қараша күні Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

    Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров төрағалық еткен шараға Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан және Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев те қатысты.

    Күн тәртібіне сәйкес, ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасылып, іс жүзіндегі серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды.

    Мемлекет басшысы өз сөзінде Астана мен Шуша қалаларындағы кездесулерден кейінгі кезеңде жаһандық геосаяси ахуал барған сайын күрделене түскенін айрықша атап өтті. Ірі мемлекеттер арасындағы бәсекелестік пен сенімсіздік ахуалы айтарлықтай күшейіп, қақтығыстар мен соғыс ошақтары көбейіп, түрлі қауіп-қатерлер артуда.

    Бұл мәселелер сауда, инвестиция, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жоспарлар мен ірі жобаларға елеулі кедергі келтіруде.

    Осыған байланысты саясат пен қауіпсіздік мәселелерінде диалогты жүйелі түрде жалғастыру, ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне сүйене отырып, халықаралық мәселелер бойынша бірыңғай әрі нақты ұстанымды белсенді түрде ілгерілету мақсатқа сай екені атап өтілді.

    Мұнда, ең алдымен, Таяу Шығыста жалғасып жатқан әділетсіз соғыс және қосарлы стандарттар мәселесі туралы айтылып отыр. Газа секторындағы және Ливандағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық апат, бейбіт тұрғындарға қарсы жасалып жатқан жойқын шабуылдар, әсіресе кінәсіз балалар, қарттар мен әйелдердің құрбан болуы айрықша атап өтілді. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестина босқындарына көмек көрсету бойынша арнайы агенттігінің қызметін шектеуге бағытталған әрекеттер сынға алынды.

    Бұл ұзақ жылдар бойы жалғасқан дағдарыстың жалғыз шешімі – халықаралық құқықтық құжаттар мен қарарларға сәйкес, 1967 жылғы шекаралар негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құру екені айтылды.

    Келесі аптада Эр-Рияд қаласында өтетін араб-мұсылман елдерінің саммитінде осы мәселеге қатысты конструктивті саяси шешім қабылданады деген үміт білдірілді.

    Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда министрлер мен сарапшылар деңгейінде тұрақты байланыс механизмін құрудың маңыздылығы айтылды.

    Ауғанстандағы өткір мәселелерді шешуде қолданыстағы үкіметке көмек көрсету, бұл мемлекетті аймақтық экономикалық процестерге кеңінен тарту, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері міндетті түрде қарастырылуы керек деп көрсетілді.

    Тарихи құжат – Түркі әлемі хартиясының қабылдануы бауырлас мемлекеттер мен халықтарымыз арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың нығаюының жарқын көрінісі екені ерекше атап өтілді.

    Саммиттің күн тәртібіне сәйкес, Өзбекстан басшысы бірқатар басым мәселелерге тоқталды.

    Ең алдымен, Мемлекет басшысы ұйымның шартты-құқықтық негізін кеңейту және нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда, Түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық серіктестік, мәңгі достық және бауырластық туралы шартты қабылдау ұсынылды.

    Сонымен қатар, ұйым аясында жаңа экономикалық мүмкіндіктер алаңын құру мақсатында тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою, сауда- кедендік тәртіптерді жеңілдету, электрондық сауда платформаларын дамыту бойынша нақты келісімдерді әзірлеу бастамасы көтерілді.

    Осыған байланысты, сауда саласындағы әлеуетті кеңейту үшін терең зерттеулер жүргізу мақсатында жақын арада Ташкентте жетекші аналитикалық орталықтардың форумын өткізу ұсынылды.

    Келесі жылға арналған экономикалық форумды, сауда және өнеркәсіп көрмелерін, аймақ және облыстардың өзара сапар жоспарын, мемлекеттік сатып алуларға қатысуды, кооперация мен локализация бойынша бірлескен бағдарламаны қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

    Дүниежүзілік қаржы нарығында капиталға сұраныс пен оның құны өсіп келеді, дамушы елдерге ұзақ мерзімді және «жасыл» несиелерді бөлу шарттары күрделенуде.

    Осы тұрғыдан алғанда, қаржылық құралдарды енгізу, Түркі инвестициялық қорын белсендіру және Түркі даму банкін құру қажеттілігі айтылды.

    Сонымен қатар, аймақтық маңызы бар жобаларға халықаралық қаржы институттары мен шетелдік инвестициялық компанияларды тартудың маңыздылығы сөз болды. Осыған байланысты Түркі инвестициялық форумын ұйымдастыру және оның бірінші отырысын Өзбекстанда өткізу ұсынылды.

    Тасымалдау жолдарын тиімді пайдалану, Орта жол бойынша транзиттік тарифтерді оңтайландыру, шекарадан өту процесін жеңілдету, заманауи логистика жүйелерін және бірлескен операторларды құру тағы бір басым мәселе ретінде белгіленді.

    Ұйым аясында тасымалдауларда электрон құжат айналымына көшу және оларды өзара тану бойынша көпжақты келісімшартқа қол қою бастамасы көтерілді.

    Бұл мәселелерді бизнес өкілдері қатысумен жан-жақты талқылау мақсатында Түркі мемлекеттері логистика орталықтары мен жүк тасымалдаушылар альянсымен ынтымақтастықта Халықаралық логистика конференциясын өткізу қажеттілігі айтылды.

    Осы саммиттің тақырыбын қолдау мақсатында болашақ экономикасын кеңінен енгізу, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы озық тәжірибе және жетістіктермен алмасу, инновациялар, инфрақұрылым және ғылымның цифрлық жүйелерін, ірі деректер орталықтарын құруға бағытталған «Цифрлық Түркі әлемі» концепциясын әзірлеу ұсынылды.

    Өзбекстан басшысы Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевті келесі аптада Бакуде өтетін COP-29 Глобал саммитінің басталуымен құттықтап, климат өзгеруімен байланысты өткір экологиялық мәселелерге шешім табу үшін министрлер деңгейінде Түркі экология кеңесін тез арада ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті және оның бірінші кездесуі келесі жылы Өзбекстанда өтетінін растады.

    Бауырлас халықтарымызды тағы да жақындастыру, жастарды ата-бабаларымызға лайықты рұхта тәрбиелеу мақсатында ұйымға мүше елдердің тілдерінде түркі халықтарының ауызекі шығармашылығының көп томдық жинағын шығару, бірлескен фундаментальды зерттеулер жүргізу, мектептерде түркі халықтары және олардың тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен өнері бойынша факультативті сабақтарды енгізу қажеттілігі атап өтілді.

    Осы орайда, Өзбекстан Түркі мәдениеті мен мұра қорының толыққанды мүшесі болуға дайын екені білдірілді.

    Сөзінің соңында Өзбекстан Президенті Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды Түркі әлемінің жоғары орденімен марапатталуымен шын жүректен құттықтады.

    Саммит қорытындысында Бішкек декларациясы, Өзбекстан бастамасымен әзірленген Түркі әлемі хартиясы, сондай-ақ ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірқатар келісімдер қабылданды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates