Мемлекет басшысы олармен жүздесіп, әңгімелесті.

Кездесу барысында елде жүзеге асырылып жатқан реформалар, отандастардың арман-тілектері, мақсаттары мен жоспарлары жөнінде ашық әрі шынайы сұхбат болды.

Мемлекет басшысы отандастарымызға еңбек жолы мен оқуында табыс тілеп, Күншығыс елінде жинақтаған білімдері мен тәжірибесі Отанымыздың дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететініне сенім білдірді.