Өзбекстан-Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту жолдары талқыланды

    Бизнес 25 Noyabr 2022 1374

    Үстіміздегі жылғы 24 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің өкілдері Ташкент қаласында Түркия Республикасының Экономикалық зерттеулер қоры мен Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының ынтымақтастығында ұйымдастырылған «Түркия-Өзбекстан экономикалық ынтымақтастығының жаңа болашақтары» тақырыбындағы шараға қатысты.

    Шара барысында Өзбекстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестициялық ортаны жақсарту, аймақтық және халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды жеделдету, инфрақұрылымды дамыту болашақтары талқыланды.

    Сондай-ақ, халықаралық Транскаспий дәлізінен пайдалануды одан әрі жандандыру, жүк тасымалдау көлемін арттыру, бағаны оңтайландыру, көлік инфрақұрылымын дамыту, транзиттік үдерістерді жеңілдету және ірі логиятикалфқ инфрақұрылымдық жобаларды бірге жүзеге асыруды көздеп, аумақаралық көлік-логистикалық саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қаралды.

    Шара соңында қатысушылар түрік бизнесінің өзбекстандық кәсіпкерлерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастардың үстем бағыттарын анықтап, ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты орнату бойынша серіктестікті жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates