Кездесуде саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
Екіжақты қатынастарды, соның ішінде саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастық тетіктерін құру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруге өзара қызығушылық білдірілді.
Сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық әлеуетін жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібі, көлік және басқа да салалардағы кооперациялық жобаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық маңызы бар мәселелер жөнінде де пікір алмасты.