Өзбекстан мен Пәкістан аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық іс-шараларын талқылады

    Қауіпсіздік 23 Fevral 2022 1380

    Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков Равалпинди қаласында Пәкістан Ислам Республикасының Штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы генерал Надим Разамен кездесті.

    Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен іс-әрекеттерді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Осы орайда, халықаралық терроризмге, экстремизмге қарсы күрес және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Өзбекстан-Пәкістан ынтымақтастығының маңызды жақтары қаралды.

    Келіссөздердің күн тәртібінде экономикалық серіктестіктің қазіргі жағдайы да кірітілді. Өзбекстан мен Пәкістанды байланыстыратын көлік дәліздерін дамытуға бағытталған біріккен жобаларды жүзеге асыруды ескере отырып, көлік-коммуникация саласындағы іс жүзіндік ынтымақтастықтың үстем бағыттарының бірі ретінде белгіленді. Бұл бағыттағы біргелікте атқарылатын жұмыстардың нәтижелілігі екі елдің экономикасының өзара тәуелділігіне оң әсер етудің негізгі факторы бола алатыны атап өтілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.