Көне Хиуа қаласында өткен жоғары деңгейдегі іс-шаралар аясында Президенттер Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, аймақтық маңызы бар аспектілер бойынша пікір алмасты.

«Хиуа кілемдері» комбинатының қызметі таныстырылып, республикада өндірілген өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Хиуа қаласындағы «Ичан-қала» кешенінің тарихи ескерткіштері мен Нуриллабай сарайы зиярат етілді.

Үргеніш халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы шығарып салды. Содан кейін Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.