Биылғы жылдың 5-7 қазан күндері Ресейге жоғары деңгейдегі сапардың қорытындысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Сауданың өсу қарқынын сақтау және ынтымақтастықтың перспективалық жобаларын ілгерілету мақсатында ведомствоаралық тығыз үйлестіруді және практикалық ынтымақтастықты, оның ішінде екі елдің өңірлері деңгейінде қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасылды.