Өзбек-түрік кездесуі Ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық, ғылыми және экономикалық ынтымақтастық туралы екіжақты келісім аясында ұйымдастырылды. Өзбекстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы атқару комитетінің бұдан алдыңғы жиналысы 2018 жылдың 18 апрелінде Бұхара қаласында өткен болатын.

— Екі елдің агроөнеркәсіптік кешендері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі кеңсеаралық алаң қызметін атқаратын бұл кездесу биыл Түркияның Республикасының ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің сапары  аясында өткізіліп отыр,  — дейді Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар бас басқармасының бастығы Шохрух Толибов.  — Сапар барысында Түркияның ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-қауымдастығы өкілдері елімізге келеді деп күтілуде. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласында жаңа инвестициялық жобаларды құру мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

Үш күнге созылатын іс-шара барысында бірқатар салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасу үшін бірнеше кездесулер өтеді, соның ішінде:

- өсімдіктану;

- өсімдіктер карантині және қорғау;

- мал, құс, балық және аквакультура;

- ауыл шаруашылық зерттеулері;

-ауылдық жерлерді дамыту;

- бау-бақша және жылыжай шаруашылығы;

- ауыл шаруашылығы бойынша білім беру саласындағы ынтымақтастық;

- ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынау;

- тұқым шаруашылығы;

- ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясын сертификаттау және сынау;

- ауыл шаруашылығындағы стандарттау;

- орман шаруашылығы.

Мәселелердің талқылауына АЭК-ның салаға байланысты басқа министрліктері мен кеңселердің басшылары да қатысады.

Нәтижелерге орай, шағын комиссияның да теңтөрағалары тиісті хаттаманы бекітеді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.