Өзбекстан мен Түркия сыртқы істер басшыларының екіжақты кездесуі өтті

    2023 жылғы 24 январында Ташкент қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымдары Сыртқы істер министрлері Кеңесінің жналысы аясында Өзбекстан мен Түркия сыртқы істер басшылары Бахтияр Саидов пен Мевлут Чавушоғлуның екіжақты кездесуі өтті.

    М.Чавушоғлу Өзбекстанның ЭЫҰ-ға төрағалығы Ұйым аясындағы өзара мүдделі серіктестікті нығайтуға және оның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қызмет еткенін атап өтті.

    Болашақта екіжақты шаралар кестесі мен ұйымдастырушылық жақтары, атап айтқанда, сыртқы саяси кеңселердің басшылары деңгейіндегі Стратегиялық жоспарлау тобының және Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Өзбекстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының тұрақты жиналыстарын өткізу мәселелері қарастырылды.

    Ауғанстандағы бүгінгі жағдай мен аймақтық саясаттың басқа да мәселелері талқыланды.

    Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates