Венгрия томони маълумотига кўра, Кимё, энергетика ва турдош саноат ходимлари касаба уюшмалари федерацияси хусусий сектордаги энг йирик касаба уюшма саналади. Федерация 1905 йилда ташкил топган. Ташкилотга аъзо компаниялар алюминий, каучук, фармацевтика, газ, қоғоз, кимё ва автомобильсозлик саноатида фаолият юритади.
Венгрия тарапының мәліметіне орай, Химия, энергетика және салалас өнеркәсіп қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының федерациясы жеке сектордағы ең ірі кәсіподақ ұйымы саналады. Федерация 1905 жылы құрылған. Ұйымға мүше компаниялар алюминий, каучук, фармацевтика, газ, қағаз, химия және машина жасау өнеркәсібінде жұмыс істейді.
Федерация Еуропа өндірістік кәсіподақ ұйымдары конфедерациясының және Дүниежүзілік өнердірістік кәсіподақ ұйымдары конфедерациясының мүшесі болып табылады. Словения, Хорватия, Словакия, Австрия және Норвегия химия өнеркәсібінің кәсіподақ ұйымдарымен ынтымақтастық жасайды.
Тамас Шекели Өзбекстан кәсіподақтар федерациясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға және өнеркәсіп қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.
Венгрия химия, энергетика және салалас өнеркәсіп кәсіподақ ұйымдары федерациясының басшылығына осы жылдың ноябрь айында Ташкент қаласында болып өтетін «Бірыңғай әлеуметтік келісімшарт: Еуропа және Орталық Азия кәсіподақ ұйымдарының көзқарасы бойынша» атты халықаралық конференцияға қатысуға Өзбекстанға шақырылды.
Келіссөздер нәтижесінде Венгр тарапы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың құқықтық негізіндерін құру мақсатында Өзбекстан Кәсіподақ ұйымы федерациясымен меморандум әзірлеуге және оған қол қоюға келісті, деп хабарлайды «Дунё» АА.