Өзбекстан мен Вьетнам арасында тікелей әуе қатынау жолға қойылады

    Көлік 12 Iyun 2022 1961

    Үстіміздегі жылдың 10 июнінде Өзбекстан Республикасы Транспорт министрінің орынбасары Абдусамат Муминов Вьетнамның өтенше және өкілетті елшісі (резиденциясы Мәскеу қаласында) Данг Мин Кхой басшылығындағы делегациямен кездесу өткізді.

    Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, туризм саласындағы өзара мүдделі ынтымақтастықты жаңа басқышқа шығаруға байланысты мәселелері талқыланды.

    Атап айтқанда, мемлекеттер арасындағы туризмді дамыту, жолаушы және жүк тасымалының көлемін арттыру мақсатында екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Кездесу барысында «Vietnam Airlines» әуекомпаниясы «Uzbekistan Airways» АҚ және «Uzbekistan аirports» АҚ-мен тікелей ынтымақтастықты жолға қойып Ханой - Ташкент - Ханой бағытында тұрақты қатынауды ұйымдастыруға байланысты мәселені тез арада толық талқылауға келісілді, деп хабарлайды Транспорт мнистрлінінің баспасөз қыметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates