Өзбекстан мен Вьетнам туристік секторы өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілді

    Бүгін, 9 сентябрь Ташкент қаласындағы «InterContinental Tashkent» қонақүйінде Вьетнам Республикасының туризм секторы өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті.

    Бұл форум екі ел арасындағы саяхатшылар алмасуын арттыру, Өзбекстанның саяхатшылық әлеуетін Вьетнамда насихаттау және Өзбекстан-Вьетнам туристік өнеркәсіп өкілдері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға арналды.

    Бизнес-форумға Өзбекстан мен Вьетнамның мемлекеттік және жеке секторларының өкілдері, сонымен қатар үкімет өкілдері, бизнес басшылары мен инвесторлары, сондай-ақ екі елдің жетекші қонақ үй брендтері мен туристік компанияларының басшылары қатысты.

    Шарада үстіміздегі жылдың 27 октябрінен бастап Ташкент пен Вьетнамның Фукуок аралдары арасында «Uzbekistan airways» авиакомпаниясы арқылы тікелей әуе рейстер қызметі жолға қойылып жатқанын мәлімдеді.

    Тұрақты түрде аптасына екі рет жүзеге асырылатын рейстер арқылы қысқы туристік маусымда Вьетнамнан елімізге келетін туристер ағынын арттырады, сондай-ақ үшінші елдер азаматтарының біздің еліміз арқылы Фукуок аралдарына жетуіне, сондай-ақ бұл жерде демалып жатқан басқа елдің азаматтарының Өзбекстанға кіріп келуі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасалады.

    “2023 жылы Өзбекстанға Вьетнам Республикасынан 2 мыңға жуық турист келсе, биыл бұл сан бірнеше есеге артады деп күтілуде. Өзбекстан мен Вьетнам арасындағы туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың орны ерекше. Айта кету керек, Вьетнам елінен еліңіздің тарихи орындарымен, бай мәдени мұрасы және әсем табиғатымен жақынан танысу үшін келетіндердің саны артып келеді. Бұл екі жақты саяхатшылар алмасуында мүдделі”—деп айтты Вьетнам ресми өкілі Александра Нгуен.

    Форум барысында Өзбекстан мен Вьетнам өкілдері арасында B2B форматындағы кездесулер өтті, онда қатысушылар туризм саласының бүгінгі жағдайын талқылады, Өзбекстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін зерделеді. Форум Өзбекстан мен Вьетнамның туристік компаниялары арасында бірқатар келісімшарттар мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою рәсімімен аяқталды.

    Өзбекстан-Вьетнам туристік бизнес-форумы екі ел өкілдері арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болды. Форум қатысушыларға ынтымақтастық пен инвестицияның жаңа мүмкіндіктерін зерделеуг палтформаны ұсынды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates