Атап өткендей, соңғы жылдары елімізде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және кепілдендіру, оларды әлеуметтік қорғау, атап айтқанда, балаларды асырауға арналған алименттерді өндіру және төлеу жүйесін жетілдіру бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Конституциясында баланың толық дамуы үшін ең жақсы жағдай жасау мемлекеттің міндеті екендігі бекітілген.
Сонымен қатар заңдылықта алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары күшейтілген.
Борышкер дәлелсіз себептермен сот бұйрығын орындамаған жағдайда борышкердің елден шығуына уақытша шектеу қойылуы белгіленген.
Сондай-ақ, Бас прокуратура жанындағы Міндетті атқару бюросында «Алимент төлемдері» қоры құрылып, 50 миллиард сум қаржы бөлінген.
Салада жүргізілген реформалардың нәтижесінде бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, Міндетті атқару бюросы 2024 жыл барысында 2,1 триллион сум, одан бұрын аванстық төлем ретінде 46,3 миллиард сум көлемінде алимент өндірген.
2025 жылдың январь жағдайында, «Алимент төлемдері» қоры есебінен 1723 өндірушіге 40,6 миллиард сум төлеп берілген.
Сондай-ақ өткен жылы 13 252 отбасы татуластырылып, 25 113 жұмыссыз борышкердің, соның 8 201-іне «Бандлик платформаси» арқылы жұмысқа орналастырылды.
Талқылау барысында балаларды асырау үшін әлимент өндіру және төлем үдерісінде кейбір проблемалар мен кемшіліктер бар екенін сенаторлар айтты.
Атап айтқанда, Ата заңымызда ата-ана өз баласының кәмелеттік жасқа толғанға дейін толық және жан-жақты жетілуіне қамқорлық жасауға міндетті екендігі көрсетілгенімен, кейбір ата-аналардың бұл міндетке жауапкершілікпен қарамайтындығына назар аударылды.
2023 жылы 5 697 адам, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 35 пайызға артып, 8 833 тұлға материалдық қамтамасыз етуден бастартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және өткен жылдың өзінде қылмыстық істер бойынша соттар тарапынан 1109 айыптау үкімін шығарған.
Талқылау барысында жұмысы жоқ, табысы анықталмаған борышкерлерден алимент өндіру жөніндегі кейбір мәселелерге де назар аударылды.
Балаларға алимент өндіру және отбасын асыраудың басқа да түрлерінің халықаралық тәртібі туралы Гаага Конвенциясына қосылу, «Алимент төлем» қорын қалыптастыру көздерін кеңейту, алименттік міндеттемелерді жүзеге асыру мен бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін Экономика және Қаржы министрлігінің Қазынашылық электрондық жүйесімен интеграциялау міндеттерінің орындалуы кешігіп жатқанын сенаторлар сынға алды.
«Алимент төлем» қоры есебінен 1723 борышкерге 40,6 миллиард сум төленгенімен, бұл қаражаттың тек 2 пайызы, яғни 849,2 миллион сумы қорға қайтарылғаны аталмыш бағытқа да әсер ететін шараларды қарастыру қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, Отбасы кодексінің 107-бабына сәйкес кәмелетке толмаған бала соттың қаулысымен ата-анасынан алынып, балаларды тәрбиелеу мекемесіне орналастырылған жағдайда, ата-ананың әрқайсысынан баланың пайдасына белгіленген мөлшерде алимент өндіріп алынады. Өндірілген алимент баланың атына ашылған банк шотында жинақталады және бала кәмелетке толған кезде төленеді.
Алайда кәмелетке толмаған балалардың атына банктік шот ашудың заңды негіздері белгіленбегендіктен бүгінгі күнге дейін алимент басқа есеп-шотқа төлеп берілген.
Талқылау соңында жоғарыда айтылған өзекті мәселелерді қамтыған парламенттік сауалды Министрлер Кабинетіне жолдау туралы қаулы қабылданды.
