Өзбекстанда болып жатқан конституциялық реформалар Еуропаның бұқаралық ақпарат құралдарының назарында

    Еуропаның «ЕО Reporter» ақпараттық платформасында «Конституциялық реформа: Өзбекстанды жаңғырту жолындағы жаңа қарқын » атты мақала жарияланды.

    Онда мақала авторы — «Diplomatic World Institute» (Бельгия) талдау орталығының жобаларды басқару бойынша менеджері Альберто Туркстра қазірде Өзбекстанның саяси өмірінде болып жатқан оқиға — Конституциялық реформалармен байланысты негізгі мәліметтерді оқырмандардың назарына ұсынды.

    Мақалада атап өтілгендей, 2022 жыл Конституцияны реформалаудың рәміздік жылы болып табылады, өйткені декабрь айында Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толады.

    «Конституциялық реформалардың қажеттілігі қолданыстағы Негізгі Заңның заманалық талаптарға, стандарттарға және демократиялық қағидаттарға жауап бермеуінен келіп шықпайды, ол заманалық талаптарға жауап береді, бірақ қазір соншалықты тез өзгеретін заманда өмір сүріп жатқандықтан, кейбір заңдар тез ескіруде. Сол себепті де Конституция догма емес екенін ескерсек, ол әрекеттер үшін бағдарлама болуы қажет. Біз Жаңа Өзбекстанға және оның дамуына сәйкес келетін жаңа ережелерді енгізуіміз керек», - деп Конституциялық комиссия төрағасы Акмал Саидовтың сөздерінен үзінділер келтіреді «EU Reporter» деп хабарлайды «Дунё» AA.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates