Өзбекстанда күнбағыс майы мен шрот өндіруге бағытталады

    Агросектор 26 Avgust 2022 3508

    Соңғы жылдары Өзбекстанда негізгі және қайталап егілетін егін ретінде майлы күнбағыс сұрыптарын өсіру артып келеді.

    2022 жылы республика бойынша барлығы 61, 7 мың гектар, содан негізгі жерлерге 25, 7 мың гектар және қайталап егілетін алқаптарға 36,0 мың гектар күнбағыс егілді. Алдын ала есептеулер бойынша бұл алқаптардан 128 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.

    Болжам бойынша күнбағыс өнімі қайта өңдейтін кәсіпорындарға бағытталып, осы дақылдан 45 мың тонна өсімдік майы мен 83 мың тонна күнбағыс шроты өндіріледі. Өңделген күнбағыс шроты мал және құс фабрикаларына бағытталады.

    Күнбағыс Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара, Қашқадария, Наманган, Ташкент және Ферғана облыстарының негізгі алаңдарына егілуде. Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы дақылдарын сынау орталығы тарапынан республиканың әртүрлі топырақ-климат жағдайларына жарамды күнбағыстың 51 сорты Өзбекстан Республикасы аумағында егуге ұсынылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік реестріне енгізілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мәлімет үшін: Күнбағыс бүгінде әлемдегі ең маңызды майлы дақылдардың бірі болып табылады және салыстырмалы түрде қауіпсіз азық-түлік майы ретінде тұтынушылар арасында танымал.

    Дүние жүзінің көптеген елдерінде егіс алқаптары мен егіннің көлеміне байланысты экономикалық тиімділік деңгейі артып келеді. Соңғы бес жылда күнбағыс әлемнің 72 елінде 25-26 миллион гектардан астам жерде өсіріліп, орташа өнімі 40,5-42,0 миллион тонна өнім алынған.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates