баннер
14 Apr 2025
21:26

    Өзбекстанда корғалатын табиғи аумақтар 12 пайызға кеңейтіледі

    Жасыл планета 15 Iyun 2021 2145

    Бұл туралы Ақпарат және Бұқаралық коммуникациялар агенттігінде өткен баспасөз конференциясында Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті бөлімінің бастығы Фаррух Хуррамов мәлімдеді.

    2019-2028 жылдарда Өзбекстанда биоалуантүрлілікті сақтау стратегиясының негізгі мақсаты — биоалуантүрлілікті сақтау Конвенциясының талаптарын жүзеге асыру. Стратегия 9 баптан құралып, 2 негізгі басқышта іс жүзіне асырылады:

    2019-2023 жылдарда биоалуантүрлілікке қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар базасын қалыптастыру.

    2024-2028 жылдарда қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу.

    Сондай-ақ, Стратегияда 2028 жылға дейін қорғалатын табиғи аумақтарымыздың көлемі 12 пайызға дейін кеңейту мәселесі де көзделген.

    Мы в Телеграм
    Text to speech