Сенат мүшелері, Білім беру министрлігі, Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті, тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері, комитет жанындағы сарапшылары, педагогтар, экологтар мен журналистер қатысқан мәжілісте «Білім туралы» Заң және Өзбекстан Республикасы Экологиялық білімді дамыту тұжырымдама аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы білім беру министрдің ақпараты тыңдалды.
Атап өткендей, өскелең жас ұрпақтың бойында экологиялық білімді, сана мен мәдениетті қалыптастыру және дамыту, экологиялық тәлім-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру, экология саласындағы білім-ғылымды әлемнің озық инновациялық технологияларды тартып одан әрі жетілдіру мақсатында Өзбекстан Республикасында экологиялық білімді дамыту тұжырымдамасы қабылданған.
Ұлттық оқу бағдарламасы негізінде жалпыорта мектептетердің оқу бағдарламасына экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жетілдіруге қатысты жалпы 132 сағат бөлінген. Жаңа ұрпақ оқулықтары жасалып, сабақтарға экологияға қатысты тақырыптар енгізілген.
Экологиялық білімнің тиімді формасы мен әдістерін енгізу бойынша Республикалық білім беру орталығы салаға қатысты қатар тақырыптарда оқу-әдістемелік қолданбалар жасалған.
Жалпы білім беретін мектептердің кітапханалары экологияға қатысты 150 мың дана әдеби кітаппен байытылған. Республикалық балалар кітапханасы www.kitob.uz веб-сайтында 50-ге жуық экологиялық аудио кітаптарды орналастырды.
Бүгінгі таңда 10 085 жалпы орта білім беру мекемесінде 443 968 жуық оқушы қамтылған. Оларда 29916 экологиялық-биологиялық үйірме, 1426 «Экопатруль» және 672-і «Жасыл патруль» қызметі жолға қойылған. 5200 орта мектепте «Экологиялық бұрыштар» ұйымдастырылып, оқу қолданбалары, насихаттайтын көрнекі құралдары,сондай-ақ буклеттер мен плакаттар, электронды материалдармен жабдықталған.
Мектептен тыс білімді дамытуда республика көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан 219 «Баркамол авлод» балалар мектебінде туризм және экология үйірмелері іске қосылып, оларға 31 268 оқушы-жастар мүшелікке алынған.
Мәжілісте атқарылған жұмыстармен қатар, Тұжырымдамада көзделген кейбір талаптың енгізілуінде кемшіліктердің де бар екені айтылды.
Сенаторлардың айтуынша, оқу пәндері бойынша экологиялық білімді іс жүзіне енгізу, пәндердің мазмұнын нақты экологиялық мәселелермен байыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес экологиялық білімдерді енгізіп бару істері жетерлі деңгейде жүзеге асырылмаған. Маңызды экологиялық даталарға арналған теориялық және практикалық сабақтарды өткізу бойынша педагогтарға арналған арнайы оқу құралдары жеткілікті деңгейде жасап шығарылмаған.
Мектеп кітапханалары экологиялық әдебиеттер мен көрнекі материалдармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген, олардың ақпараттық базасын жарату істері аяқталмаған. Өңірлерде экология саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдармен және ББҰ-мен ынтымақтастық дұрыс жолға қойылмаған.
Біріккен мәжілісте жауапты тұлғаларға экологиялық білім берудің тиімділігін жаңа деңгейге көтеру, білім бағдарламаларындағы экологиялық проблемалар мен оларды жою міндеттеріне сүйене отырып жетілдіру, экологиялық білім берудің тиімді формалары мен әдістерін жасау, сондай-ақ енгізу, кадрлар даярлау жүйесінің нәтижелілігін арттыру, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдар мен білім беру саласының өзара мүдделі ынтымақтастығын дамыту сияқты мәселелер бойынша да тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ көптеген экологиялық проблемаларды шешуде халықтың экологиялық мәдениетін, әсіресе, жастардың экологиялық білімі мен тәрбиелік деңгейіне тікелей байланысты, ең алдымен жалпы білім беретін мектептерді және басқа оқу мекемелерінің өкілдері, азаматтардың өзін-өзі басқару органдары, жанұя мен әрбір азаматтың экологиялық білімі мен тәрбие жүйесін дамытудағы іс-әрекеттерді бірлестіру қажет екені айтылды.
Жастардың экологиялық бастамаларын, жас өнертапқыштардың табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық проблемалардың алдын алуға және жоюға бағытталған жобаларды қолдап-қуаттау және ынталандыру, жастармен жұмыс істеуді күшейтуге, жастардың экологиялық жауапкершілік құқығын тәрбиелеу, экологиялық сауаттылық пен дүниетанымын қалыптастыруға , жалпы халықтың барлық қабаттарының экологиялық мәдениетін арттыру үшін сала бағытындағы нормативтік құқықтық құжаттарды қамтитын «Экологиялық заңдардың» ықшам жинағын жасау да мақсатқа сай екені айтылды.
Мәжіліс соңында комитеттердің біріккен қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.