2019-2028  жылдарда Өзбекстанда биоалуантүрлілікті сақтау стратегиясының негізгі мақсаты — биоалуантүрлілікті сақтау Конвенциясының талаптарын жүзеге асыру. Стратегия 9 баптан құралып, 2 негізгі басқышта іс жүзіне асырылады:

2019-2023 жылдарда биоалуантүрлілікке  қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар базасын қалыптастыру.

2024-2028  жылдарда қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша  жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу.

Сондай-ақ, Стратегияда 2028 жылға дейін  қорғалатын табиғи аумақтарымыздың көлемі 12 пайызға дейін кеңейту мәселесі де көзделген.