Сондай-ақ жастарға төмендегі көмек түрлері көрсетіледі:

материалдық жағдайы төмен жастарға бір реттік материалдық көмек көрсетілді (базалық есептеу мөлшерінің  4 есеге дейін – 1,2 миллион сумға дейін) ;

- жастарды кәсiпкерлiкке және кәсiптерге оқытуға жұмсалатын қаражаттың 75 пайызына  дейiн (бiр айға дейiнгi базалық есептеу мөлшерінің  4 есе, бiр айдан екi айға дейiнгi базалық есептеу мөлшерінің 8 есе, екі айдан астам мерзім оқу кустары үшін  БХМ-ның 12 еседен аспайтын бөлігі)  өтеледі;

- кәсiпкер немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар ретiнде тiркелген жастарға 12 айға дейiнгi  жалға алған үйінің бір жылда 30 пайызы, бiрақ базалық есеп мөлшерінің 25 есеге дейiнгi мөлшерiнде өтемақы төленедi. ( 7,5 миллион сумға дейін);

- Республикадағы кәсіптік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Өзбекстанның барлық жоғары оқу орындарында бакалавриаттың күндізгі, сырттай және кешкі түрінде және магистратураның күндізгі бағыты бойынша білім алатын студенттерге  төлем-келісімшарт негізінде оқуы бойынша жылдық қаражатының бір бөлігі өтеледі;

- жастарға білім, мәдениет және өнер, спорт, ақпарат технологиялары салаларына және пәндерді оқытуға мамандандырылған беймемлекеттік білім беру ұйымының 3 айға дейінгі тұрғын емес үй-жайды жалдау ақысының негізгі есебінің 50 есесіне дейін (15 миллион сумға дейін) мөлшерде өтеледі.