Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Фурқат Сиддиқов мәлімдеді.
Фуркат Сыддықовтың айтуынша, тұрғындар үшін АҚШ-тың визалық тәртібін жеңілдету бағытында тұрақты түрде іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Дегенмен, күткен нәтижеге қол жеткізу оңайға соқпайтыны заңдылық.
"АҚШ-қа визасыз кіруге қол жеткізу - ұзақ мерзімді үдеріс. Бірақ біз бұл жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әрине, қандай виза режимін енгізу, қандай шарттарды қою Америка үкіметінің ішкі саясатына байланысты. Қазіргі уақытта тек АҚШ-қа ғана емес, Бразилия, Канада және басқа да елдерге де халқымыз визасыз баруды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты келіссөздер жүргізілуде ”, деді елші мырза.
Фурқат Сиддиқов бүгінде өзбек-америка қарым-қатынастары тарихи шыңға жеткенін атап өтті. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор екенін айтты.
"Өткен жылдың өзінде Өзбекстан мен Америка президенттері арасында төрт диалог болды. Екі рет телефон арқылы сөйлесіп, Нью-Йорк пен Вашингтонда екі кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде кең ауқымды келісімдерге қол жеткізілді". «Бұл Америка үкіметінің Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларға, елдің әлеуетіне көңіл бөлетінін және бізбен ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетеді», - деді дипломат.
Фурқат Сиддиқов Өзбекстан 2026 жылдың январь айының соңынан бастап АҚШ азаматтары үшін 30 күнге дейін болу үшін визасыз режим енгізетінін хабарлады. Нәтижесінде мұхиттың арғы жағынан елге келетін туристер саны үш есеге артады деп күтілуде.