Пәкістанмен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту келісілді

    Үстіміздегі жылдың 26-27 декабрінде Өзбекстан Республикасы Үкіметі делегациясының Пәкістан Ислам Республикасына сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Пәкістанның бас министрліктері мен кеңселерінің басшылары және іскер топтардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер жүргізді.

    Атап айтқанда, ПИР Сауда министрі Сайид Навид Камар, оның бірінші орынбасары Суале Ахмад Фаруки, ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және зерттеулер министрі Тарик Башир Чима, қаржы министрі Исхак Дар, жоспарлау, даму және арнайы бастамалар министрі Ахсан Икбал, теміржол министрі Хаваджа Саад Рафикпен кездесулер өтті.

    Бұл кездесулерде өзара тауар айырбастау көлемін 1 миллиард долларға жеткізу жөніндегі Бірлескен бағдарламаны қабылдау және одан әрі жүзеге асыруу, Жеңілдетілген сауда туралы келісім бойынша келіссөздерді аяқтау және оның күшіне енуін қамтамасыз ету, Транзиттік сауда келісімінің мүмкіндіктерін толық пайдалану сынды екіжақты ынтымақтақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары, минералды тыңайтқыштар, тұрмыстық техника өндірісі, тұрғын үй құрылысы, ғылым және технология, туризм салаларында жалпы құны 500 миллион доллардан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдауға, сондай-ақ химия өнімдерін өзара жеткізуге келісілді.

    ТМД елдері, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерінің нарықтарына өнімді бірлесіп шығаруды қарастыра отырып, Өзбекстан мен Пәкістанның транзиттік әлеуетін толық пайдалану қажеттігі айтылды. Осыған байланысты Карачи және Гвадар порттарында Өзбекстан компанияларының off-dock терминалдарды жалға алу мүмкіндігі зерделенді.

    Тараптар Өзбекстанның ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу, қант пен сүт өнімдерін экспорттауды жолға қою және ұйымдастыру, бірлескен күріш және ешкі фермаларын құру мәселелерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың келешегін жеке-жеке сараптады.

    Пәкістан тарапы талқыланған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге, фитосанитариялық бақылаудың бірыңғай ережелерін енгізуге, Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу процесіне техникалық және мәслихаттық қолдауды кеңейтуге, сондай-ақ . аймақтық көлік-логистикалық жобаларды жүзеге асыру және осы процеске аймақтағы мүдделі елдерді тарту, қарым-қатынастарды жалғастыруға дайын екенін айтты.

    Сапар барысында Премьер-министрдің орынбасары Пәкістанның TCS Logistics, Nishat Group, Ejaz Group, Fatima Group, All Pakistan Textile Mills қауымдастығы, Getz Pharma, Najeeb Fibres, Wah Nobel Group, AKD Group, Jazz, Sarhad сауда-өнеркәсіп палатасы, Alam Match және басқа да компаниялар басшыларынан тұратын іскер топтардың делегациясымен кездесті. Кездесулерде Өзбекстанның инвестициялық ортасы, шетелдік инвесторлар үшін жасалған жағдайлар мен нақты жобалар таныстырылды.

    Өзбекстан тарапы бірлескен инвестициялық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates