Пәкістандық тыңдаушылар Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясымен таныстырылды

    Үстіміздегі жылдың 31 январында “Даму стратегиясы” орталығында Өзбекстанда іс жүзіндік сапарымен болып тұрған Пәкістан Мемлекет саясаты жоғары мектеп тыңдаушылары үшін Өзбекстан Әрекеттер стратегиясы аясында жүзеге асырылған реформаларының нәтижелері және 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясының көздеген мақсаттарының мән-мазмұны туралы тұсаукесер өтті.

    Тұсаукесер барысында «Даму стратегиясы» орталығының атқарушы директоры Элдор Туляков Өзбекстанның соңғы бес жылда Әрекеттер стратегиясында белгіленген әрбір бағыт бойынша тұрақты өсу қарқынына қол жеткізгенін атап өтіп, ең бастысы, тұрғындарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде бірқатар өмірлік бастамалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде азаматтардың тұрмыс жағдайы жақсарғаны мемлекет ретінде халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалғанын айтты.

    Кездесуде Өзбекстанның сыртқы саясатының басты үстем бағыты саналған ашық, прагматикалық және белсенді сыртқы саясат жүргізу екені атап өтілді.

    Ең бастысы, Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы – Әрекеттер стратегиясы аясында басталған халықтық реформалардың үздіксіз жалғасқаны, сондай-ақ құжатта бүгінгі жаһандану үдерісіне орай жеті бағытты құрағандығы, әрбір бағытта белгіленген міндеттер жүз мақсатқа анық белгілеп берілгені айтылды.

    Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясының тағы бір ерекшелігі – құжатта алдағы бес жылдық даму ғана емес, елдің ұзақ мерзімді тұрақты стратегиясы да айқындалған. Атап айтқанда, Оңтүстік Азия, Азия-Тынық мұхиты, ТМД, Еуропалық Одақ және Америка мемлекеттері, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Африка елдерімен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға бағытталған.

    Тұсаукесер соңында Элдор Туляков қатысушылардың Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы, соның ішінде Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытудың келесі кезеңі туралы сұрақтарына жауап берді.

    Даму стратегиясы Ақпараттық қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates