Мәдени орталық аумағында Өзбекстан елшісі Алишер Тухтаев «Дустлик рамзи» ағашын отырғызды.
Салтанатты шараға Карачи қаласының ірі кәсіпкерлері, экспорттық-импорттық кәсіпорындардың басшылары, іскер топтары мен туристік компаниялардың өкілдері қатысты.
Шарада сөз алған “Diners Group” компаниясының басшысы Сохайл Мотен осы сауда үйі мен мәдени орталық екі ел арасындағы аймақтық байланысты қайта тіктеу, өзара сауда көлемін одан әрі арттырып, инвесторларға қажетті ақпарат беретінін атап өтті.
Өзбекстан елшісі өз сөзінде екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығару, сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қазіргі қарқынын сақтау және оны одан әрі жетілдіру, мәдени байланыстарды жандандыру мақсатында Мемлекет басшысы мен үкіметінің қабылдап жатқан шаралары туралы мәлімет берді.
«Сауда байланыстарымыздың номенклатурасын жаңа бірліктермен байыту, тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін жеткізу бойынша жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді жүзеге асыруға негіз болады», - деді Алишер Тухтаев.
Сондай-ақ шарада сауда үйі мен мәдени орталық Пәкістан мен Өзбекстан, Оңтүстік және Орталық Азия арасындағы аймақтық байланыстарды тереңдетуге, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда болашағы зор жобалар мен заманауи шешімдерді әзірлеу, екі ел арасындағы үзілген байланысты қалпына келтіру үшін мықты іргетас қаланатынан айтылды.
Сауда үйіне Өзбекстанның өнеркәсіп өнімдері – тоқымашылық саласының үлгілері, иірілген жіп, жүн және тері, пластмасса түйіршіктері, кептірілген жемістер орналастырылған. Қазіргі таңда өнім саны мен түрін көбейту жұмыстары жүргізілуде.
Ғимаратта орнатылған үлкен экранда Өзбекстанның туристік әлеуеті, Самарқант, Бұхара, Хиуа, Ташкенттің туристік мекендері, еліміздің индустриялық және инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған бейнероликтер көрсетілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.