Кездесуде басты назар «LOT Polish Airlines» әуе компаниясын еліміздің базарына тарту және әуе компанияның қатысуымен Өзбекстан қалалары арқылы әлемнің түрлі нүктелеріне рейстерді жүзеге асыруға бағытталды. Келіссөздер үдерісіне еліміздегі туризм саласында жұмыс істейтін жетекші кәсіпкерлік субъектілері де қатысты.
Кездесу барысында шетел тарапына Өзбекстан аумағында қолданыстағы барлық жеңілдіктер мен преференциялар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Самарқант халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі енгізілгені, енді шетелдік әуе компаниялары әуе қатынауы туралы үкіметаралық келісімнің бар-жоғына қарамастан әуе қатынауларын жүзеге асыру туралы хабарлады.
Сұхбат барысында Өзбекстан базарындағы кездесетін проблемалары мен алдағы жоспарлар, сондай-ақ туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Өз кезегінде, «LOT Polish Airlines» әуе компаниясының өкілдері де Өзбекстан олар үшін үстем бағыттардың бірі екенін және 2024 жылдың март айында «Варшава-Ташкент-Варшава» бағыты бойынша аптасына 3 рет және тікелей рейстер ашылатынын, сондай-ақ 2-басқышта Самарқантқа әуе қатынаулар ашылатынын хабарлады.
Келіссөздер соңында Мәдениет және туризм министрлігі мен «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы арасында тұрақты ақпарат алмасуды жолға қою, компания әуе кемелері мен веб-ресурстарында Өзбекстанның туризм әлеуетін насихаттау және материалдарды бірге даярлау мен болашағы зор әуе бағыттарды ынтымақтастықта істеп шығуға келісілді, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.