Астанамызда «UzCharmExpo-2022» 13-Халықаралық көрме-жәрмеңкесі басталды

    Бизнес 12 Oktabr 2022 1111

    «Ўзекспомарказ» МКМда «UzCharmExpo-2022» былғары, аяқ киім, былғарыдан жасалған бұйымдар, елтірі, жүн және жергілікті өнімдердің 13-Халықаралық көрме-жәрмеңкесі өтуде.

    Жылына екі рет – көктем және күз айларында өтетін бұл көрмені «Узчармсаноат» бірлестігі мен Өзбекстан Республикасының инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі ұйымдастырылды.

    Бұл шара өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға, екіжақты қарым-қатынас орнатуға, іскерлер портфелін жаңа бизнес жобалармен байытуға бағытталған.

    «UzCharmExpo-2022» 13-халықаралық көрмесі Орталық Азиядағы былғары, аяқ киім және елтірі өнеркәсібінің ең ірі мамандандырылған көрмесі болып табылады. Оған қатысу үшін 450-ге жуық жергілікті және 20-дан астам шет елден 70-тен астам компания 5000-ға жуық өнім үлгілерімен келді. Сондай-ақ жергілікті және шетелдік компаниялардың 2500-ге жуық өкілі тіркелген. Конференция Өзбекстан аумақтарындағы өндірістік әлеуетін көрсетіп қана қоймай, көптеген елдердің сала мамандары үшін сұхбаттасу орнына айналады.

    Биылғы конференцияда Ұлыбритания, Италия, Германия, Үндістан, Түркия, Испания, Венгрия, Ресей, Беларусь, Польша, Латвия, Қытай сияқты көптеген былғары-аяқ өнеркәсібі дамыған елдердің кәсіпорындары мен брендтерін көруге болады. Құрметті қонақтардың қатарында Халықаралық былғары өндірушілердің кеңесі, Халықаралық елтірі федерациясы, бірнеше елдің ұлттық бірлестіктері, былғары өндірушілері, аяқ киім және елтірі кеңестері мен кәсіпкерлері бар.

    «Ўзчармсаноат» бірлестігі құрамында енген былғары, аяқ киім, былғары өнім жасау, елтірі мен қаракөл өнімдерін өндіруге мамандандырылған кәсіпорындар, сыртқы саууда өкілеттіктері мен сән үйлерімен ынтымақтастықты кеңейту арқылы 2022 жылы экспорт көлемін 500 миллион долларға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 118,8 пайызға артты. Өнімдер әлемнің 42-ден астам еліне экспортталады.

    Саланы дамытуға жасалған кең мүмкіндіктерді ескере отырып, 2022 жылдың аяғына дейін еліміздің былғары-аяқ киім саласында 120 инвестициялық жобаны іске асыру, мұнда 50 жаңа кәсіпорын ашу, 70 кәсіпорынды жаңғырту жоспарланған. Салаға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 176 миллион долларды құрап, он мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

    Сондай-ақ, «UzCharmExpo-2022» стенділерінде жас дизайнерлердің сән топтамасы ұсынылды.

    «UzCharmExpo-2022» компаниялардың әлеуеті, өнімнің түрлері мен саладағы инновациялармен танысу мүмкіндіктері, сондай-ақ B2B және G2B келіссөздері үшін тиімді платформа болуда. Көрме аясында іскерлік талқылаулар мен тұсаукесерлер өтуде, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    «UzCharmExpo-2022» халықаралық көрмесі 14 октябрьге дейін жалғасады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates