Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін республика аймақтарында технопарк және шағын индустриялық аймақтар құрылуда. Наманган облысында мұндай кешендердің саны 73-ке жетті.
«Баркамол авлод» ықшам ауданында кәсіпкерлер мен қолөнершілер көп. Бірақ олардың үйде жұмыс істеуге мүмкіндіктері болмады.
Сондықтан махаллаға іргелес 10 гектар жерге қажетті инфрақұрылымы бар кешен салынды. Мұнда 46 жоба жайғастырылған. Оның 18-інде жұмыстар аяқталып, кәсіпорындар өз жұмысын бастады, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысы мұндағы «Master Class Design», «Sifat Yogoch Industry», «Balans Teks» кәсіпорындарындағы жұмыс барысыман танысты.
Бірінші кәсіпорын жылына 150 мың дана былғары аяқ киім шығарады. «Sifat Yogoch Industy» жылына 1200 жиһаз жиынтығын және «Баланс Текс» 400 мың дана тоқыма бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Оларда бұрын жұмыссыз жүрген көрші аудандардың жастары мен қыз-келіншектері жұмыс істеп, табыс табуда. Өнімдер сапасы мен бағасының қолжетімділігімен импорттың орнын басып келеді.
– Біздің адамдар іскер, өршіл халық. Міне, біз жағдай жасадық, кәсіпкерлік «басталды». Енді өндірушілерге оның бағасын төмендетуге көмектесу керек. Құн – бұл кәсіпкердің «өмірі мен өлімі». Баға төмендесе, экспортқа шығу жеңілдеп, бизнес кеңейіп, жұмысшылар көбейеді, – деді Шавкат Мирзияев.
Индустриалды аймақтағы басқа да жобаларға қондырғылар орнатылуда. Жалпы, мұнда дайын киім-кешек, былғары аяқ киім, құрылыс материалдары, жиһаз, қағаз, азық-түлік, химия өнімдері шығарылады. Осы индустриалды аумаққа жақын ауданда тұратын 6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.
Мемлекет басшысы осы жерде Наманганда өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көрмесімен танысты. Жұмыс істеп тұрған салаларға қосымша омарташылық, зергерлік, жеміс-көкөніс шаруашылығын дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.