Бұл саланың өнеркәсіптегі үлесі 3,5 пайызды, тауарлар экспортындағы үлесі 10 пайызды құрайды. Өткен жылы 31 триллион сум көлемінде өнім өндіріліп, 1 миллиард 300 миллион доллар экспорт жасалды. 516 миллион доллар инвестиция игеріліп, 85 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Бұл салада 27 мыңнан астам отандасымыз жұмыс істейді.
Өткен жылы 5 қыркүйекте өткен бейнеселекторлық жиында саланың нәтижелілігін арттыру мүмкіндіктері көрсетілген еді. Осыған сүйене отырып, биыл бірқатар міндеттер анықталды.
Таныстырылымда «Узэлтехсаноат» қауымдастығының төрағасы биыл өңірлерде 4 миллиард доллар көлеміндегі 290 жаңа жобаны бастау, 600 миллион доллар инвестиция игеру, мысты қайта өңдеу деңгейін 75 пайызға жеткізу жоспарлар туралы баяндады.
Бұл ретте жергіліктендіру бағдарламаларын пайдалану маңызды. Мысалы, биыл Өзбекстанда 75 миллиард долларлық инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Оның 28 миллиард долларын жергілікті өнімдер есебінен жабуға болады.
Электротехника кластерін кеңейту үшін Ахангаранда қосымша 200 гектар, Ферғана өңірінде 10 гектар, Үргеніште 4 гектар жер бөлінді. 181 миллиард сумға инфрақұрылым жасалды.
Енді кәсіпкерлерге технопарк аумағында дайын ғимарат салып, электротехника мен осыған ұқсас салалардағы кәсіпорындарға сатуға рұқсат беру жоспарланып отыр. Жоғары технологиялық өндірісті жолға қойған кәсіпкерлерді үш жылға табыс және мүлік салығынан босату ұсынылуда.
Бұл, сонымен қатар, Ахангаран мыс кластерінде 68 миллион долларлық, Қашқадария, Ферғана және Үргеніште 30 миллион долларлық жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өнімдерді сату үшін министрліктер мен салалық құрылымдар аясында 15 триллион сумдық кепілді нарық құрылуда. Әлеуметтік нысандар үшін жаңартылатын энергия қондырғыларын жергілікті кәсіпорындардан сатып алу тәртібі дайындалып жатыр.
Мемлекет басшысы бұл саланың жасыл экономика үшін, тұрақты даму үшін аса маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты өңірлердегі барлық мүмкіндіктерді іске қосу, кәсіпкерлерге инфрақұрылым, қаржы және шикізат жағынан қосымша жағдай жасау бойынша тапсырмалар берді.
Жауапты тұлғалар осының нәтижесінде экспортты жылына 3 миллиард долларға, өндіріс көлемін 50 триллион сумға жеткізу мүмкіндігі бар екенін айтты.
Инновацияларды зерттеп, нарыққа бейімделген өнімдер жасау, білікті инженерлер, технологтар және орта буын мамандарын дайындау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.