— Біз медицина қызметкерлерінің жұмысын ынталандыру, емдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін кеңінен енгізу сияқты маңызды мәселелерді алға тартамыз. Біз есірткінің заңсыз айналымына нүкте қоюды және жалған, сапасыз дәрі-дәрмектердің сатылуын болдырмауды жақтаймыз.
Былтырдан бері әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясы қоғамдағы медициналық мәдениетті көтерудің рөлін де көрсетті. Осыған байланысты біз қоғамдағы медициналық мәдениеттің кодын даярлау қажет деп есептейміз.