Президенттікке кандидат Бахром Абдухалимов намангандық сайлаушылармен кездесті

    Сайлау 4 Oktabr 2021 1422

    “Адолат” социал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Бахром Абдухалимов Наманган облысы сайлаушыларымен кездесті.

    Турақурғон ауданындағы мәдениет орталығында өткен шарада партия белсенділері, депутаттар, қолдаушылар, ынтымақтастық ұйымдардың өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар, белсенді қыз-келіншектер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

    Кездесуде Президенттікке кандидаттың Наманган облысындағы сенімді өкілі — “Адолат” СДП облыстық кеңесінің төрағасы, Халық депутаттары жергілікті Кеңесі депутаты Исроилжон Жураев қатысушыларға кандидат Бахром Абдухалимовтың өмірбаяны мен қызметі туралы жан-жақты мәлімет берді.

    Содан соң Президенттікке кандидат Бахром Абдухалимов сөз сөйлеп, өз сайлауалды бағдарламасында алға тартылған идеялары, негізгі мәселелерге сайлаушылардың назарын аудартты.

    Сондай-ақ халық депутаттары жергілікті Кеңестердің рөлін күшейту, атқарушы билік үстінен қоғамдық бақылауды орнату, барлық дәрежедегі мемлекеттік билікке және басқару органдарына отансүйгіш, кәсіпқой және белсенді жандардың келуін қамту, қылмысқа, парақорлыққа, дәмегөйшілікке, зорлық-зомбылыққа қарсы ымырасыз күрес, әділетті әрі тәуелсіз сот-құқық жүйесін жарату істерін жалғастыру, сотты әділет қорғанына айналдыру сияқты негізгі мәселелер орын алғаны айтылды.

    Кездесуде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекет пен жеке бизнес ынтымақтастығын дамыту, тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету, әсіресе жастар үшін жаңа жұмыс орнын ашу, жұмысшы-қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту туралы пікір өрбітілді.

    Кандидаттың алға тартқан Сайлауалды бағдарламасына қарағанда, рухани тәрбиенің басымдылығын қамтамасыз ету үшін “Адолат” СДП мемлекеттік барлық мәдени, тарихи жәдігерліктерді және табиғи жәдігерліктерді тіркеуден өткізу және сақтау, оларға қаржы бөлінуі шарт екені айтылды.

    Кандидат Бахром Абдухалимов сайлаушыларды қызықтарған сұрақтарына жан-жақты, өмірлік мысалдармен жауап берді.

    Сайлауалды бағдарламасы туралы ой-пікір білдірген сайлаушылар өкілдері кандидатты қолдап-қуаттап, 24 октябрь күні Өзбекстан Республикасы Президенттігіне көрсетілген кандидат Бахром Абдухалимовқа дауыс беруге шақырды.