Қант диабетімен ауыратын науқастың аяғы ерекше назар аударуды қажет етеді. Аяқтағы жарықтар, тіпті ең аз жарақатты да болдырмауға әрекет ету керек, өйткені мұндай науқастар үшін жараларды емдеу өте қиын. Ал бұл гангренаға және аяқ-қолдың ампутациясына әкелуі мүмкін.
Одан басқа диабеттік табан синдромымен ауырған науқастарда терінің сезімталдығы бұзылады және олар аяқ киіміне кіретін тасты немесе кездейсоқ кіретін бөтен затты сезбеуі мүмкін.
Диабеттік аяқ синдромымен ауырған науқастардың негізгі міндеті – әр күн сайын аяқтың терісін қадағалау және сақтау қажет. Сондықтан олар үшін ыңғайлы аяқ киім кию де өте маңызды.
Жаңалықты ойлап табудағы мақсат қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған аяқ киімді жасау болды, оның басқа ұқсас аналогтардан айырмашылығы, аяқтағы жүкті біркелкі тең қамтамасыз етуге, аяқ жарақатын максимал дәрежеде азайтуға бағытталған.
Интеллектуалдық меншік агенттігі тарапынан жаңалық ашқан авторларға «Жаңалық ашулар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер туралы» Заңға сәйкес ИAП 06611 нөмірлі патент берілді.