Атап айтсақ, екі ұйымның ынтымақтастығында Қарақалпақстан Республикасын сирек кездесетін саяхатшылық бағыты ретінде көрсететін «2023-2026 жылдары Қарақалпақстан Республикасында туризмді тұрақты дамыту» стратегиясы әзірленді.
Қарақалпақстан Республикасының стратегиялық мақсаты — туристік өнімдерді диверсификациялау және қызмет көрсету сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, жаңа туристік бағыттарды құру, экспортты ұлғайту және сыртқы туризм базарларында насихат істерін жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.
Стратегияға сәйкес, бірқатар үстем бағыттары бойынша жүзеге асыруды қажет ететін міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі. Оған орай:
- Қарақалпақстан аумағында қонақ үй жүйесін диверсификациялау, яғни аумақта жұлдыз санатты, сонымен қатар 4 және 5 жұлдызды қонақ үй ашу;
- жергілікті және шетелдік туристер үшін көлік-логистикалық жүйені жетілдіру, атап айтқанда ішкі және шетелдік әуе/темір жолдар қатынауын ұйымдастыру. Болашақта Қарақалпақстанды еліміздің туристік қалалары, сондай-ақ Хиуа, Бұхара және Самарқант қалаларымен көлік байланысын орнату;
- тәжірибе мен білімге ие болған ағылшын, орыс, неміс, француз, италян, түрік, испан тілдерді білетін гидтерді даярлау, туризм саласындағы кәсіптік-техникалық және жоғары білім сапасын арттыру;
- туристердің осы аумақта ұзақ болуын (түнеу) және олардың жұмсайтын қаражаттарын жылына орта есеппен 7-10%-ға арттыру;
- 2026 жылға дейін Қарақалпақстанға келетін шетелдік туристер санын 180 000 (2022 жылы 50 мың) және жергілікті туристерді 1 миллионға жеткізу (2022 жылы 552 мың), туристік қызмет экспортын 13,5-тен 60 миллион долларға дейін арттыру, орналастыруда бөлмелерін санын 1005- тен 1 905-ке жеткізу;
- Эко, этно, мәдени-тарихи, зиярат, археологиялық, гастрономиялық және туризм саласында жаңа өнімдерді жасау және туристік бағдарламаларды әзірлеу;
- Хорезм облысымен көне қалалар бойымен туризм бағытын дамыту, Савицкий мұражайының, Арал теңізінің, Судочье көлінің және Үстірт платосы мүмкіндіктерінен тиімді пайдалану;
- Маркетинг шараларды қабылдап, халықаралық туристік платформаларда Қарақалпақстанның туризм өнімдерін орналастыру.