Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамытуға бағытталған шаралармен танысты

    Билік 5 Avgust 2024 930

    Президент Шавкат Мирзиёев 5 тамыз күні бәсекелестікті дамытуға бағытталған шаралардың тұсаукесерімен танысты.

    Мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту және ірі монополияларды тежеу ​бойынша атқарылған ​жұмыстар бәсекелестік ортаға оң әсерін тигізуде. Атап айтқанда, кейінгі бес жылда 25-тен астам тауардың бәсекелестік ортасы жақсарды. 7 қызмет түрі бойынша бәсекелестікті шектейтін ерекше құқықтар жойылды. Мемлекеттік кәсіпорындар 42 пайызға азайып, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,6 есе көбейді.

    Өткен жылы «Бәсекелестік туралы» Заң жаңартылған нұсқада қабылданды. Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықын қорғау комитетіне қосымша өкілеттіктер берілді. Осы негізде жүргізілген зерттеулерге сәйкес, кейбір ұйымдарда бәсекеге қарсы шешімдер қабылдау, тікелей келісімшарттар жасау, саудада үстем жағдайды пайдалану сияқты жағдайлар бар.

    Сондықтан саладағы жұмыстың ауқымы мен тиімділігін арттыру мақсатында Бәсекелестікті дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Онда мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, нарыққа қолжетімділікті ырықтандыру, кәсіпкерлерге тең жағдай жасау бойынша келесі қадамдар айқындалған.

    Мысалы, кәсіпкерлік субъектілерінің нарыққа еркін шығуын қиындататын нормативтік құқықтық баптар мен артық талаптар жойылады. Реттеу жүктемесін азайтуға бағытталған жеңілдіктер енгізіледі, атап айтқанда, рұқсат беру процестері мен лицензияларды жауапкершілікті міндетті сақтандырумен ауыстырылады.

    Табиғи монополия салаларында тәуелсіз нарықты реттеушілер енгізіледі. Табиғи монополиялар салаларымен өзара байланысты және бәсекелестікті дамыту мүмкіндігі бар тауар нарықтарына табиғи монополия субъектілерінің қатысуы шектеледі.

    Тікелей мемлекеттік сатып алу аясы қысқартылып, мемлекеттік сатып алу толығымен бәсекелестік әдістерге көшеді. Айрықша құқықтар, жеңілдік, преференция және концессияларды қоса алғанда, бәсекелестікті шектейтін жеке сипаттағы мемлекеттік көмек жойылады.

    Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өзара интеграциялау арқылы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын қалыптастыру тізбегінің барлық буындарының цифрлық мониторингі орнатылады. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен әрекеттер, сөз байласу туралы ақпарат бергендерді жария етпеу және марапаттау жүйесі енгізіледі.

    Жалпы, осы тұжырымдаманың нәтижесінде энергетика, мұнай-газ, су шаруашылығы, жол құрылысы, теміржол және әуежай қызметі сияқты бірқатар салаларда мемлекеттік монополияның 17 түрін кезең-кезеңімен тоқтату шаралары қолға алынбақ. Мемлекеттік сатып алуда бәсекеге қарсы әрекеттерге жол берілмейді және бұл процестердің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Тауар биржаларында ұсыныстар көбейтіліп, сатып алушылардың таңдауы кеңейеді.

    Президент саладағы жұмысты жалғастырып, еркін нарықтық қағидаттарды қамтамасыз ету және кадрларды даярлау бойынша қосымша тапсырмалар берді. Экономикада мемлекеттің үлесін азайтып, кейбір функцияларды кезең-кезеңімен жеке секторға беру керектігі баса айтылды. Тауар, қаржы және цифрлық нарықтардағы бәсекелестік жағдайды үнемі талдап, рәсімдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу міндеті жүктелді.

    Кейінгі үш жылда жергілікті жерлерде бәсекеге қарсы 2 мыңнан астам құжат анықталған. Олардың көпшілігін жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен министрліктер қабылдаған. Сондықтан, Бәсекелестік комитетінің аймақтық департаменттерінің жұмысын жандандырып, кадрлардың біліктілігін арттыру қажеттігі көрсетілді.

    Сондай-ақ комитеттің қызметін халыққа жария етіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды арттыру керектігі айтылды. Бұл заң бұзушылықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық ортасын қалыптастыру тұрғысынан маңызды екені сөз болды.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates