Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда: Сырдария облысының Ширин қаласы мен Баяуыт аудандарында  қуаттылығы 1500 МВт болған заманалық  жылу электр станциясы;

- Науаи облысының Тамды  ауданында қуаты 500 МВт жел электр станциясы;

- Сұрхандария облысының Шерабад ауданындағы қуаттылығы 457 МВт күн фотоэлектр станциясы;

- Самарқант облысының Каттақорған ауданындағы қуаты  220 МВт болған күн фотоэлектр станциясы;

- Жызақ облысының Ғаллаарал ауданында қуаттылығы 220 МВт күн фотоэлектр станцияларын іске қосу (бірыңғай электр желісіне ұлану) жоспарланған.

Маңыздысы, бұл электр станцияларын шетелдік компаниялар 100 пайыз тікелей инвестиция есебінен жүзеге асыруда.

- Самарқант облысында жалпы қуаты 13,6 МВт  2 гидроэлектр станциясы іске қосылады. Сондай-ақ Топалаң ГЭС-і жаңғыртылып, оның қуаты қазіргі 30 МВт-тан 175 МВт-қа (+145) дейін ұлғайтылады.

нықтама үшін: 2022 жылы жалпы қуаты 1474 МВт болатын 7 жаңа электр станциясы іске қосылды.