Бүгін Өзбекстан аумағында құғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.

Ауа температурасы күндіз 34-37 градус, ал шеткі оңтүстікте 40-41 градус ыстық болады.

1-5 июль күндері аралығында аптап ыстық біртіндеп көтеріледі.

Ең ыстық күндер республиканың солтүстігінде 2- 3 июльде, шөлді аймақтарда 3- 4 июльде, республиканың қалған аумақтарында 4- 5 июль күндері ең ыстық сақталады. Бұл күндері аумақтың басым бөлігінде ауа температурасы 40-43 градусқа дейін, оңтүстік және шөлді аймақтарда кей жерлерде 44-46 градусқа дейін көтеріледі.

Өзбекстан аумағында желдің жылдамдығы 13-18 м/с дейін, 2-4 июльде солтүстік және шөлейтті аумақтарда 5 июль республика бойынша кей жерлерде 20-25 м/с дейін күшейеді, шаң-тозаң болады деп күтілуде.

Ташкентте: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.

30 июнінен 1 июльге дейін ауа температурасы негізінен 35-38 градус, 2-3 июльде 38-40 градус, 4-5 июльде 40-43 градус ыстық болады.