Кездесуде АКТ министрлігі мен компания арасындағы өзара болашағы зор бағыттар, соның ішінде білім беру және IT-кәсіпкерлік салаларындағы біріккен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда SAP компаниясы корпоративтік қосымшалар базарында жетекші саналып, әлемдегі 180 елде 440 000-нан астам тұтынушы компанияның қызметтерін пайдаланады.
Компания 2007 жылдан бері Өзбекстанға өз технологияларын беріп келеді. Бүгінде компанияның Өзбекстандағы клиенттері негізінен бөлшек сауда, қаржы, сондай-ақ телекоммуникация және құрылыс компаниялары болып табылады.
Кездесу барысында SAP компаниясының қатысуымен кадрлар біліктілігін одан әрі арттыру, салаға инвестиция жұмылдыру, жаңа телекоммуникациялық технологиялар мен қызметтерді енгізу мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ BPO және КРО қызметтерін дамыту арқылы жергілікті жастарды жоғары жалақы алатын жұмысқа орналастыру басты мақсат екені айтылды. Мұнда компанияның тікелей қатысуы мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар АКТ министрлігі тарапынан SAP компаниясына Өзбекстанда тезірек ресми бөлімшесін ашуы ұсынылып, көптеген жастарды SAP өнімдері бойынша қашықтықтан қызмет көрсететін мамандар етіп даярлау мәселелері талқыланды.
АКТ саласындағы ынтымақтастықты және оны алдағы уақытта одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасылды, деп хабарлайды Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.