Сұхбат кезінде Өзбекстан мен Саудия Арабиясының ауған дағдарысын бейбіт жолмен шешуге, елге тез арада гуманитарлық және басқа да көмек көрсетуге деген іс-әрекеттері талқыланды.
Абдулла бин Халид бен Сауд ал-Кабир Өзбекстанның бұл бағыттағы іс жүзіндік қадамдарын жоғары бағалады, әсіресе, биылғы июль айының соңында Ташкентте «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбындағы халықаралық конференция нәтижелі өткенін атап өтті.
Тараптар Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалпына келтірудің және елді аймақтық интеграциялық үдеріске кеңінен тартудың маңыздылығын атап өтті.
Саудия тарапы Өзбекстан Республикасының Ауғанстандағы Терміз-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар теміржол желісі құрылысының жобасын жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттердің уақытылы жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, бұл жобаны толық қолдайтынын білдірді.
Ауғанстанның жаңа үкіметіне қатысты әлем қауымдастығының интеграцияланған ұстанымын жасамай, халықаралық гуманитарлық көмекті арттырмайынша, елдегі өткір әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жою мүмкін емес деген пікір айтылды.
Тараптар Ауғанстан мәселесі бойынша Өзбекстан Республикасы мен Саудия Арабиясы Патшалығының арнайы өкілдері деңгейінде кеңесулерді жалғастыруға өзара мүдделілік танытты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.